События
Барлығы балалар үшін!
Категория: События | |
Дата: 23.11.2020 | |
Просмотры: 376 | Печать страницы |

20 – қараша Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Бала құқығы – адам құқығы» айлығы өз мәресіне жетті. «Барлығы балалар үшін» мерекелік концерті өтіп, Қамқоршылық кеңес төрағасы – Амангелді Ғабдылкәрімұлы Толамысов атаулы мерекемен балаларды құттықтап, видео арқылы жүрекжарды тілектерін жолдады. Психолог - Әсел Талғатқызы 5-7 – сынып оқушыларымен «Біз бақытты баламыз!» айдарымен тренингтік ойындар өткізіп, балалар "Комплимент", "Сыйлық", "Жүректен - жүрекке" ойындарына белсене қатысты. Айлық қорытындысы ретінде Жазира Ахметсапина Андабаева мен Мөлдір Сейдахметқызы Жанайбекова «Қазіргі және болашақ: әр бала үшін қорғалған балалық шақ» дүниежүзілік сабағын өткізіп, балаларға «Бала құқығын қорғау Конвенциясы» бойынша топтық жұмыстар орындатты. Дүниежүзілік сабақ соңынан «Әрқашан күн сөнбесін!», «Менің бақытты әлемім!» сурет байқауларының жеңімпаздары және айлық аясында іс – шараларға белсене қатысқан балалар марапатталды.