Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Да
Нет


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 2

Новости

Күз мерекесі

Категория: Новости
Дата: 02.11.2019
Просмотры: 69 Печать страницы

Күз мерекесі
Балаларды әсемдікке жетелеу, шығармашылық қабілетін дамыту, ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында 2 қараша күні балалар кеңесінің белсенділеріменұйымдастырылған «Күзгі думан» байқауы балалардың күзгі демалысын қорытындылады. Байқау барысында қатысушы балалар өздерін бейнеролик арқылы таныстырып, өнер сайысы кезеңінде Тұрсынақын Толғанай «Аппақ гүлдер» әнін, Коваленко Евгений мен Тойшыбекова Аяулым «Танго» биін, Шиянов Сергей «Аборигендер» биін, Бочаров Максим мен Черняев Сергей заманау би, Мамучева Екатерина қазақ биін топтағы барлық достарымен бірігіп орындады. Сайыскерлерге күзгі вальс билеу, галстук байлау, шаш үлгісін жасау сияқты жеке тапсырмалар берілді.
Байқауға директордың орынбасарлары – Ж.А.Андабаева, М.С.Жанайбекова, психолог – Т.Б.Тұрдахынбаева әділ қазылық етіп, «Күз ханзадасы» атағын – «Жетісу» тобының серісі – Коваленко Евгений, «Күз ханшайымы» - «Үміт» тобының аруы – Тойшыбекова Аяулым, ІІ орын - «Жазира» тобының күміс көмей әншісі – Тұрсынақын Толғанай, «Арай» тобының мың бұралған бишісі – Мамучева Екатерина, «Ұлан» тобының сегіз қырлы бір сырлы көшбасшысы – Шиянов Сергей, ІІІ орынды – «Мерей» тобының мақтанышы – Черняев Сергей мен «Жігер» тобының спорт саңлағы Бочаров Иван иеленді. Балаларға мадақтама қағаздары, сыйлықтар және Жетісу мемлекеттік университетінің гуманитарлық факультеті ұжымы атынан киноға тегін кіру сертификаттары берілді. Байқау соңынан 30 – қазан күні өткен «Күз – мереке, күз – береке» қабырға газеті байқауының жеңімпаздары марапатталды.











 

Разработка сайта от компании «ARAPBI».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.