Четверг, 01 Июня 2023
Объявления: #

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Да
Нет


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 9

 События

1-наурыз Алғыс айту күні

Категория: События
Дата: 19.02.2021
Просмотры: 476 Печать страницы
1-наурыз Алғыс айту күні

Елімізде 1 наурыз - «Алғыс айту күні» болып 2016 жылдан бастап атап өтілуде. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде «Алғыс айту күні» деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын.

Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Елбасының бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.

«Айналайын» балалар үйінде қазақ, орыс, корей, неміс, күрд, татар, украин, поляк, шешен, ұйғыр ұлтының балалары бір шаңырақ астында тату – тәтті өсіп келеді. Қазақстан халқының достығы жасасын! Қазақ халқына мың алғыс!

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2023. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.