Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Да
Нет


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 2

Новости

Талдықорған қалалық прокуратурасының қатысуымен өткен іс - шара «Айналайын» Балалар үйі»

Категория: Новости
Дата: 20.11.2019
Просмотры: 228 Печать страницы

Талдықорған қалалық прокуратурасының қатысуымен өткен іс - шара
«Айналайын» Балалар үйі» КММ – сі мен Талдықорған қалалық прокуратурасының ұйымдастыруымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары туралы Конвенциясы туралы жалпы түсінік беру, балалардың құқықтары сақталатын болашақты талқылау, өз құқықтары туралы айту және әрекет етуді бастауға жетелеу, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 20 қараша күні Дүниежүзілік балалар күні және Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясы қабылданғанының 30 жылдығы мен ратификацияланғанының 25 жылдығын мерекелеуге арналған "БАЛАЛАР ҮШІН БІРГЕ» атты іс – шара өтті.
Кеш қонақтары – Алматы облысының білім басқармасы «Қамқоршылық және қорғаншылық бөлімінің» басшысы – Молотова Алиям Максимовна, Талдықорған қалалық прокуратурасының «Қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің» прокуроры – Нургалиева Жанна Берікқалиқызы, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторы – Елютаев Руслан Мырзағалиевич, «Жетісу» газетінің тілшісі – Қажет Андас.
Іс – шара барысында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – Жазира Ахметсапина Андабаева балаларға өз құқықтары мен міндеттері туралы сұрақтар қойып, топтық жұмыстар орындатып, құқықбұзушылыққа қатысты әртүрлі жағдаяттар шешкізді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Мөлдір Сейдахметқызы Жанайбекова дүниежүзілік балалар күніне арналған "Бала құқығы – адам құқығы" онкүндігі аясында өткен іс – шаралармен слайд арқылы таныстырып, Алматы облысының прокуратурасының тапсырмасымен «Айналайын» Балалар үйі» КММ – нің ұжымы түсірген «Үзілген үміт» фильмін көрсетті. Фильм идеясының авторы және сценариін жазған – Баймадиева Жамал Қасымбековна, рөлдерді сомдаған – балалар үйінің тәрбиешілері, тәрбиеленушілері және түлектері.
Балалар қонақтарымызбен ашық сұқбаттасып, жауабын білгілері келген сұрақтарын қойып, фильмнің мазмұнын талдады.
Молотова Алиям Максимовна мен балалар үйінің басшысы – Сейсембаева Жадыра Иркимбековнаға қорытынды сөз кезегі беріліп, кеш балалардың орындауындағы «Бір үйдің баласындай» әнімен аяқталды.











 

Разработка сайта от компании «ARAPBI».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.