События
Поздравляем!
Категория: События | |
Дата: 15.12.2020 | |
Просмотры: 778 | Печать страницы |

ҚР Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында үйіміздің іргетасын қалаған аяулы анашымыз - Жамал Қасымбекқызы "Алматы облысының Құрметті азаматы" атағына ие болды. Жамал Қасымбекқызының тәрбиелеп ұшырған балаларының басы Қорғаныс министрлігінде полковник, Нұр – Сұлтан қаласының әкімшілігінде бас маман, жоғарғы санаттағы дәрігер – кардиолог, ұстаз және басқа да әртүрлі мамандықтарды игеріп, еліміздің түкпір түкпірінде алаңсыз еңбек етуде.
Еңбегі еленгеніне ризашылық білдірген Жамал Қасымбековна, марапаттау рәсімінде : Тәуелсіз қазақ елінің мәртебесі биік, азаттық рухы асқақ, жұлдызы жарық, жолы нұрлы болсын!- деген тілек білдірді.
Біз Сізді мақтан тұтамыз, үлкен жүректі анашымыз!