События
Заседание Попечительского совета
Категория: События | |
Дата: 10.12.2020 | |
Просмотры: 393 | Печать страницы |

Бүгін "Айналайын"Балалар үйі" КММ -нің Қамқоршылық кеңес отырысы онлайн форматта өтті. Кеңес төрағасы Толамисов Амангелды Габдылкаримович кеңес мүшелерін отырыстың күн тәртібімен таныстырып, балалар үйінің дәрігері Г.А.Аукенова балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасы, аурулардың алдын алу мақсатында жүргізілген іс-шаралармен таныстырып, директордың тәрбие ісі- жөніндегі орынбасары М.С.Жанайбекова тәрбиеленушілердің Жаңа жыл қарсаңында , қысқы демалыста өтетін іс- шаралармен, Қамқоршылық кеңес төрағасы А.Г.Толамисов балалар үйіндегі тәрбиеленушілерге тағайындалған мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы есеп шоттарының тексеру қорытындысымен кеңес мүшелерін таныстырды. Балалар үйінің бас есепшісі Г.А.Байтоқова 2020 жылда балалар үйіне көрсетілген қайырымдылық көмек туралы айтып, кеңес төрағасы А.Г.Толамисов 2020 жылғы Қамқоршылық кеңестің атқарған жұмысының қорытындысымен таныстырып, 2021 жылға арналған Қамқоршылық кеңес жұмыс жоспарын бекітті.