Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Да
Нет


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 2

Новости

«Ризашылық» қайырымдылық фестивалі

Категория: Новости
Дата: 28.11.2019
Просмотры: 90 Печать страницы

Балаларды жомарттыққа, татулыққа баулу, қоғам назарын жетімдік проблемаларына аудару мақсатында «Айналайын» Балалар үйі» КММ – де «Балалар игілігі үшін!» атты «Ризашылық» қайырымдылық фестивалі өтті.
27 – қарашада «Ризамын қазірге!» айдарымен сурет байқауы, «Бір үйдің баласымыз!» спорттық эстафетасы өтіп, 28 – қараша күні мерекелік концерт ұйымдастырылды. Іс – шараға Алматы облысының Білім басқармасы қамқоршылық және қорғаншылық бөлімінің басшысы Молотова Алиям Максимовна, Алматы облыстық қорғаныс істері департаментінің бастығы – полковник Дәулетханов Талғат Жасболатович өз ұжымымен, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының әртістері, «Рич» қорының координаторы қамқоршылық кеңес мүшесі - Үсенов Бақыт мырза, Алматы облыстық «Жетісу» ТРК тілшісі, «Жетісу» газетінің журналисті қатысты.
Қонақтарға балалар үйі туралы фильм көрсетіліп, «Ұлы дала ұрпағы» республикалық байқауының жеңімпазы «Айналайын» би тобының орындауында «Испан биі», «Лезгинка», домбырашылар тобының орындауында «Кеңес» күйі, вокал тобының орындауында «Гүл қыздар», «Бір үйдің баласындай», «Улыбка» әні орындалды. Кішкентай бөбектер «Анашым» деп ән салып, қонақтарды риза қылды.
Алматы облыстық қорғаныс істері департаментінің ұжымы балаларға сыйлыққа теледидар, музыкалық центр, тәттілер мен жемістер әкелді. Мерекелік концерттен соң балаларға мерекелік түскі ас беріліп, «Біз бақытты баламыз!» айдарымен тренингтік ойындар өткізілді. Балалар кеңесі би кешін ұйымдастырып, 29 – қараша күні №16 орта мектеп бассейнінде жүзуден жарыс ұйымдастырылып, 30 – қараша күні ЖМУ – дің жаратылыстану факультеті деканы Назым Жанатбекқызының ұйымдастыруымен балалар мультфильм көруге «Киноплекс Талдықорған» кинотеатрына барып, мереке жалғасын табады.




 

 


Разработка сайта от компании «ARAPBI».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.