Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Да
Нет


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 2

Новости

«Беласу» кітабы бойынша

Категория: Новости
Дата: 28.11.2019
Просмотры: 81 Печать страницы

Жоғарғы санатты тәрбиеші, жаратылыстану пәндерінің магистрі – Айнұр Сағынғалиқызы Серғазиеваның ұйымдастыруымен балалар үйінің педагог – қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті – Қасым – Жомарт Тоқаевтың «Беласу» кітабы бойынша конференция өткізді.
Конференцияның кіріспе бөлімінде тәрбиешілер Г.С.Мамырова, Т.Е.Егеубаева, Т.Б.Тұрдахынбаева Қасым – Жомарт Кемелұлының отбасы туралы мәлімет беріп, «31 LIVE» арнасында жарияланған ел Президентінің өз отбасы туралы айтқан бейнеролигін көрсетті.
Негізгі бөлімде Д.Ш.Умерзакова, А.Қ. Малибекова, Қ.Қ.Жунусова, Т.Т.Абилмажинова «Қазақстанның сыртқы саясаты және Қасым – Жомарт Тоқаев» тақырыбын қорғады.
Қорытынды бөлімде «Тәуелсіздікті тұғырлы еткен тұлға» айдарымен қатысушылар ой бөлісіп, директордың орынбасарлары Ж.А.Андабаева мен М.С.Жанайбекова кері байланыс орнату мақсатында Президентіміздің өмір жолы мен еңбектегі жетістіктеріне қатысты сұрақтар қойып, дұрыс жауап берген педагогтерге ынталандыру сыйлықтар берді.
Қыркүйек, қазан айларында барлық топтардағы балалармен Қасым – Жомарт Тоқаев туралы танымдық сабақтар өткен болатын. Конференция соңында тәрбиеші – аналар өз топтарындағы президенттану сабақтарының қорытындысы туралы есеп берді. Конференция жоғарғы деңгейде өтіп, әкімшіліктің оң бағасын алды.


 
Разработка сайта от компании «ARAPBI».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.