Пятница, 24 Марта 2023
Объявления: #

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Да
Нет


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 9

 События

Жаңажылдық мереке

Категория: События
Дата: 30.12.2019
Просмотры: 510 Печать страницы
Жаңажылдық мереке

Жаңажылдық мереке
Бүгін облыс әкімі Амандық Баталов жылдағы дәстүр бойынша үйімізде қонақта болып, балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Балалар «Орыс биін», «Тышқандар» биін билеп, жаңажылдық ән салды. «Талдықорған әуендері» ансамблінің әншісі Жандос Смағұл мерекелік кешке арнайы келіп, «Жаңа жыл» әнін тарту етті.
Балаларды Жаңа жылымен құттықтаған облыс әкімі Амандық Баталов:
- Құрметті жас достар! Мен орталарыңа үнемі сендерді сағынып, қуанып келемін. Сендер өздеріңді жақсы көретін, қамқорлық жасайтын, болашақтарыңды ойлайтын тәуелсіз Қазақстанда алаңсыз өсіп келесіңдер. Сондықтан армандарың биік, мақсаттарың айқын болсын! Жақсы оқыңдар, өсіп-ержетіп, мықты маман болыңдар. Сендерді колледждерде, жоғары оқу орындарында оқыту үшін мемлекет арнайы гранттарын береді. Оқып, білім алып, ертеңгі күні елге қызмет ететін жақсы азамат болыңдар. Жаңа жыл өмірлеріңе тек қана қуаныш, жақсылық әкелсін! – деді өз сөзінде.
Амандық Ғаббасұлы балаларға ойыншықтар мен тәттілер, балалар үйі ұжымына ноутбук сыйға тартты.









 
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2023. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.