События
"Дегдар" Гуманитарлық Қорының сыйлығы
Категория: События | |
Дата: 26.10.2021 | |
Просмотры: 409 | Печать страницы |

Бүгін Нұр - Сұлтан қаласында өткен Дина Нұрпейісованың 160 жылдығына арналған жетім және ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға домбыра табыстау рәсіміне "Айналайын" Балалар үйі" КММ - нің директоры Жадыра Иркимбековна Сейсембаева қатысып, "Дегдар" Гуманитарлық Қоры" Корпорациялық қорының төрайымы Дариға Назарбаеваның қолынан "Айналайын" домбырашылар оркестріне 10 домбыра қабылдады. Шара барысында Көкшетау қаласындағы облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының "Бурабай" ансамблі Дина Нұрпейісованың күйін орындау челленджін "Айналайын" балалар үйіне жолдады.