События
«Үздік мектеп-интернат тәрбиешісі»
Категория: События | |
Дата: 25.01.2020 | |
Просмотры: 437 | Печать страницы |

Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, мектеп-интернат тәрбиешілерінің өзара тәжірибе алмасуына және озық тәжірибелерін таратуына ықпал ету, шығармашыл тәрбиешілерді анықтау мақсатында өткізілген «Үздік мектеп-интернат тәрбиешісі» байқауында жоғарғы санатты тәрбиеші, отбасынан тыс тәрбиеленетін ұл балаларға патриоттық тәрбие берудің ерекшеліктерін басшылыққа алып жұмыс істейтін ізденімпаз, шығармашыл ұстаз – Толқын Тілеубекқызы Абилмажинова жүлделі ІІІ орын иеленді.