Вторник, 28 Марта 2023
Объявления: #

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Да
Нет


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 9

 События

«Ұлы даланың ұлы тұлғасы»

Категория: События
Дата: 10.03.2019
Просмотры: 598 Печать страницы
«Ұлы даланың ұлы тұлғасы»

2 қазан күні «Айналайын» балалар үйінде  Жалайыр елінде әрі көсем, әрі шешен, әрі би, әрі қол бастаған батыр атанған Балпық бидің 325 жылдығына орай «Ұлы даланың ұлы тұлғасы» атты ашық тәрбие сағаты өтіп, тәрбиеленушілер он екі ата Жалайырдың ең үлкені Андас тармағынан шыққан батыр бабамыздың жүздеген жылдар бойы үздіксіз шапқын жасап тұрған Жоңғар қалмақтарынан ығысып, Сыр бойын, Шу бойын паналап жүрген Жалайырлардың басын құрап, Ескелді, Қабан ақын, Орақ батырлармен бірге жаудан босаған Жетісу өлкесіне көшіріп әкеліп, қоныстандырған еңбегі туралы сахналық қойылым көрсетіп, XIX ғасырда өмір сүрген өрен жүйрік ақын Бақтыбайдың, XX ғасырдың ақыны Қалқа Жапсарбайұлының Балбық би туралы жазған өлеңдерін, Сейітқали Елтайұлының  "Балпық сынды бабамыз" деген өлеңін  оқыды. Іс – шараға жауапты тәрбиеші – А.С.Омарова Балбық бидің шешендік сөздерін жатқа оқудан сайыс та ұйымдастырып,  үздіктерге ынталандыру сыйлықтарын табыстады.
     Артына аталы сөз қалдырған, азаттық, теңдік, туыстықты ту етіп көтерген, қазақ тарихының төрінен орын алған, қаншама ғасыр өтсе де, өскелең ұрпағына өшпес із, өнегелі сөз қалдырған Балбық бидің рухы одан әрі биіктей берсін!

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2023. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.