Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Да
Нет


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 2

Новости

Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдығы

Категория: Новости
Дата: 21.09.2019
Просмотры: 65 Печать страницы
Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдығы

Ақын, драмашы, прозашы, сатирик, қоғам қайраткеріІлияс Жансүгіровтың 125 жылдығына арналған «Ілияс Жансүгіров – қазақ әдебиетінің негізін қалаушы тегеурінді қаламгер» атты қазақ тілі  онкүндігі аясында жоғары санатты тәрбиеші – Алма Сембекқызы Омарованың ұйымдастыруымен қаламыздағы І.Жансүгіровтың  әдеби мұражайында «Мерей» тобының тәрбиеленушілерінің қатысуымен  «Жетісудың жыр құлагері - Ілияс» айдарымен танымдық сабақ өтті. 
1984 жылы құрылған  мәдени-ғылыми мекеменің меңгерушісі Жауынбаева Нұргүл Қызырбекқызы балаларды Ілияс ақынның өмір жолымен таныстырып,  тәлім алып, ұстаз тұтқан тұлғалардың суреті мен қазақ ауыз әдебиетінің нұсқаларын, ақынның "Күй" поэмасына арқау болған қобызшы Молықбайдың қобызын, ақын кабинетіндегі жазу үстелі, күнделікті пайдаланған қағаз-қаламдарын, сонымен бірге Бейімбет Майлинмен жазысқан хаттарын және басқа да жеке заттарын көрсетіп, балалардың қызығушылығын арттыра түсті. 
            Балалар әдебиеттің барлық негізгі жанрларында қалам тартқан ұлы тұлға өміріне шолу жасап,  ақынның өлеңдерін жатқа оқыды. Ілияс Жансүгіровтың әдеби мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында жоспарланған іс – шара жоғары деңгейде өтті. 

Разработка сайта от компании «ARAPBI».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.