Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Да
Нет


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 2

Новости

«Жаңа ұрпақ – нұрлы жаз!» атты жазғы лагерьдің ашылу салтанаты туралы мәлімет

Категория: Новости
Дата: 01.01.1970
Просмотры: 99 Печать страницы

«Айналайын» Балалар үйі» КММ – де тәрбиеленушілердің жазғы демалысы 2019 жылдың  14 – маусымынан бастап Ескелді ауданы Көкжазық ауылындағы «Айналайын» демалу – сауықтыру лагерінде арнайы құрылған жоспарға сәйкес ұйымдастырылды. Биылғы оқу жылында жазғы лагерьге демалуға 107 бала барды.
18 – маусым күні «Жаңа ұрпақ – нұрлы жаз!» атты жазғы лагерьдің ашылу салтанаты өтіп, Алматы облыстық білім басқармасы Қамқоршылық және қорғаншылық бөлім басшысы, «REACH»  қоғамдық ұйымының координаторы – Б.Усенов,  «Жетісу» телеарнасының журналистері қатысты. 
    Мереке өтетін жазғы алаңға сап түзеу кезінде жүргізуші әр топ жетістіктерін атап шақырып, «Бөбек», «Үміт», «Жазира», «Мерей», «Арай», «Жігер», «Жетісу», «Ұлан» топтарының тәрбиеленушілері өз топтарын таныстырып, ұрандатып ортаға шықты. 
Мереке барысында «Бақытты балалық шақ» сюжеттік биі, «Улыбка», «Көкорай көктем», «Бір үйдің баласындай» әндері, мектеп бітіруші түлектердің орындауында «Қоштасу», қыздар тобының  орындауында заманауи билер орындалды. 
Мереке қонақтарына құттықтау сөз кезегі беріліп, балаларға балмұздақтар таратылды. Кіші балалар асфальтта сурет салу байқауына қатысып, сыйлықтар иеленді. Түскі асқа мерекелік дастархан жайылды. 
Жазғы лагерьдің ашылу салтанатына арналған іс – шаралар жоспарға сай жоғары деңгейде өтті.

Разработка сайта от компании «ARAPBI».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.