Понедельник, 29 Мая 2023
Объявления: #

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Да
Нет


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 9

 События

1 марта "День благодарности"

Категория: События
Дата: 01.03.2022
Просмотры: 252 Печать страницы
1 марта

"Айналайын" балалар үйі мен Жетісу өңіріндегі жоғары білімнің киелі қара шаңырағына айналған Жетісу университетінің достық қарым - қатынасының 7 жылдығына арналған "Шын жүректен - 7" мерекелік концерті үйіміздің Қамқоршылық Кеңесінің төрағасы, балалардың асқар тау әкесі, аталған университеттің гуманитарлық факультет деканы, "Харекет" қайырымдылық қорының Алматы облысы бойынша өкілі - Амангелді Ғабдылкәрімұлы Толамисовтың ұйымдастыруымен өте керемет өтіп, балалар үйі тәрбиеленушілері мен студенттердің, балалар үйі тәрбиешілері мен университет оқытушыларының бірлесіп орындауында әсем ән мен әдемі билер орындалды. Университет ректоры Қуат Маратұлы мен балалар үйінің кішкентай бүлдіршіні - Кусайнова Қаракөз көпбалалы ана Абдуахитова Асемгүлге "Харекет" қорының атынан кезекті үйдің кілтін табыстады. Қаңтар, ақпан, наурыз айында туған балаларға өз қалаулары бойынша сыйлықтар табысталып, университеттің барлық факультеттері, Жетісу колледжі қызметкерлері мен студенттерінің атынан барлық балаларға арналған тәттілер, ойыншықтар, оқу құралдары, спорттық құралдар мен әртүрлі сыйлықтар, арнайы дайындалған мерекелік үлкен торт берілді.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2023. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.