События
Отбасы күні
Категория: События | |
Дата: 17.05.2019 | |
Просмотры: 1358 | Печать страницы |

15 мамыр - халықаралық отбасы күні. 1993 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген бұл мереке түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған.
Балалар үйінің қабырғасында атаулы күнге орай «Отбасым бар әдемі, «Айналайын» әлемі!» атты апталық ұйымдастырылды. Апталық аясында үйдегі асқар тау әкелері мен ер балаларды Отанқорғаушылар күнімен құттықтау мақсатында «Біздің үйдің жігіттері – жігіттердің төресі» айдарымен мерекелік кеш, топтарда «Брат лучше 100 друзей», «Отбасы бір әлем», «Отбасы – тәрбие көзі», «Семья – волшебный символ жизни» тәрбие сағаттары өткізіліп, «Менің отбасым» сурет байқауы, «Я, сестра и брат» спорттық эстафетасы ұйымдастырылды. «Анаға апарар жол» отбасылық фильмін аналы – балалы барлығы бірігіп көрді. «Пана» театрының 17 жас актерлері Бикен Римова драма театрында «Жұмақ маған бұйырмас» драмасының қойылымына барып, үйірме жетекшілері, асқар тау әкелері Мұса Ержұмаұлы Аджибековті мерекесімен құттықтап, құрмет көрсетіп қайтты.
Балалар үйінің қызметкерлері арасында «Өнегелі аналар» байқауы ұйымдастырылып, тәрбиеші – аналар, аспаз – аналар, дәрігер – аналар «Қыз тәрбиесі – адамзат тәрбиесі», «Қыз – ұлттың ұяты», «Әке көрген – оқ жонар», «Рухтың тамыры әкеде», «Ұлттық тағам – ұлт мақтанышы», «Халық медицинасы» тақырыптарында сахналық қойылымдар қойып, балалар аналарына қолдау көрсетіп, «Фламенго» биін, «Ана», «Ай дидарлы анашым» әндерін орындады.
Отбасы күніне арналған апталық жоспарға сай өз деңгеінде өтті.