События
Поздравляем!
Категория: События | |
Дата: 24.03.2022 | |
Просмотры: 181 | Печать страницы |

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың шығармашылық әлеуетін ашу, қазақстандық қоғамның дәстүрлі мәдени, рухани және адамгершілік құндылықтарына негізделген азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға табыс жағдайын жасау мақсатында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың тәрбиеленушілері арасында «Қазақстан – менің алтын бесігім» республикалық балалар фестивалі онлайн режимде ұйымдастырылып, «Айналайын»Балалар үйі» КММ – нің 11 тәрбиеленушілері қатысты. Барлық қатысушыларымызға сыйлыққа смарт сағаттар беріліп, өнерпаздарымыз театр байқауынан бас жүлде иеленгендері үшін видеокамераға, би байқауынан ІІІ жүлделі орынға ие болған би тобы видео түсіруге арналған жарық беру лампасына, вокал аталымы бойынша ұялы телефонға ие болды.