События
іс-шаралар
Категория: События | |
Дата: 20.02.2019 | |
Просмотры: 507 | Печать страницы |

2019 жылдың 16 -17 – ақпан күндері «Атадан – мұра» қорының ұйымдастыруымен Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Мәңгілік ел» идеясын қолдау және жасөспірімдер мен жастар арасында кең насихаттау, ұрпақ санасына ұлтжандылық рухын сіңіріп, таным көкжиегін байыту, балалар мен жасөспірімдердің рухани, адамгершілік және көркемдік дамуын қалыптастыру мақсатында бүлдіршіндер, мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында өткен Республикалық «ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҒЫ» балалар шығармашылық байқауына «Айналайын» Балалар үйі» КММ – нің «Пана» театры актерлері Аджибеков Мұсақожа Ержұмаұлының жетекшілігімен «Менің атым – Қожа» мюзиклін сахналап, Бас жүлде иеленді. Рөлдерде: Қожа –Меркалиев Сағыныш, Сұлтан – Мерқали Қуаныш, Жанар – Тойшыбекова Аяулым, Жантас – Яковлев Дмитрий, Дәулет – Абишев Нұрәли, қыздар – Скотарева Валентина, Аукенова Сезім, Тимошенко Камилла, Белоносова Снежана.
Би үйірмесінің жетекшісі – Мурзахметова Маржан Жандарбекқызының дайындауымен Скотарева Валентина, Аукенова Сезім, Тимошенко Камилла, Белоносова Снежана, Тойшыбекова Аяулым, Веснина Ольга, Тойшыбекова Торғын, Федорович Виктория, Нетребенко Елена «Фламенго» испан биін орындап, Бас жүлде иеленді.
«Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша Меркалиев Сағыныш, Скотарева Валентина, Аукенова Сезім, Тимошенко Камилла, Белоносова Снежана, Тойшыбекова Аяулым «Бір үйдің баласындай» әнін минуспен, «жанды» дауыста орындап, Бас жүлде иеленді.
Өнерпаздар арнайы дипломдар, сыйлықтармен марапатталып, байқаудың суперфиналына жолдама алды.