Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Да
Нет


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 2

Новости

Кітапқұмарлар сайысы

Категория: Новости
Дата: 21.02.2020
Просмотры: 62 Печать страницы
Кітапқұмарлар сайысы

Балалардың интеллектуалдық тұр­ғыдан толығуына, рухани баюына септі­гін тигізіп, кітап оқуға деген қызығу­шы­лы­ғын арттыру мақсатында «Жылдам оқу» үйірмесінің мүшелері: 5 – сыныпта оқитын Черняев Евгений, Хвостов Денис, Мерқали Жансая, Ниязбаев Дидар және 6 – сынып оқушылары Абишев Нұрәли, Әукен Ерсұлтан, Федорович Ульяна, Тұрсынақын Нұрболат, Веснина Ирина қатысуымен «Кітапқұмарлар сайысы» өтті.

Балаларға сары, жасыл, қызыл түсті конфеттер үлестіріліп, сол бойынша үш топқа бөлінді. Әр топқа қағаз қиындыларына жазылған сөздер беріліп, сол сөздермен мақал құрау тапсырылды.

  1. Алтын алма, ақыл ал.
  2. Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт.
  3. Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.
    Сайыскерлер, осы мақалдарға сәйкес өз топтарына «Білімділер» (Ирина, Жансая, Ульяна), «Оқымыстылар» (Евгений, Дидар, Денис), «Ақылдылар» (Нұрәли, Ерсұлтан, Нұрболат) деп ат қойды.

«Бәйге» кезеңінде әр топқа 5-6-сыныптың Қазақ әдебиеті оқулығындағы шығармалар бойынша 10 сұрақтан қойылып, әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан берілді. «Дода» кезеңінде «Нағыз әже қайда?», «Менің атым - Қожа», «Анасын сағынған бала» шығармаларынан 10-100 ұпайлық сұрақтар қойылды. «Топтан топқа» кезеңінде әр топ қарсылас екі топқа «Бауыр» және «Мексика ұлы» әңгімесі бойынша сұрақтар қойды. «Суреттер сөйлейді» кезеңінде берілген суреттер бойынша шығарманы табу тапсырылды. Сайыс тартысты болып, І орынды «Білімділер», ІІ орынды «Оқымыстылар», ІІІ орынды «Ақылдылар» иеленіп, «Ең кітапқұмар бала» кубогын Мерқали Жансая жеңіп алды.

Разработка сайта от компании «ARAPBI».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.