Вторник, 28 Марта 2023
Объявления: #

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Да
Нет


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 9

 События

Встреча с ветераном Великой Отечественной войны - Қаңтарбаевым Сәрсенбаем

Категория: События
Дата: 05.05.2022
Просмотры: 163 Печать страницы
Встреча с ветераном Великой Отечественной войны - Қаңтарбаевым Сәрсенбаем

Алматы облысы қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің бастығы полковник Талғат Дәулетханов Ұлы Отан Соғысының ардагері - Қаңтарбаев Сәрсенбай қарияны Ұлы Жеңістің 77 жылдығымен құттықтап және Қорғаныс министрінің құттықтауын жеткізіп, Алғыс хатын ұсынды. Осы игі шараға Талдықорған гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы, майор - Жанат Сембаевтың бастамасымен Қанабек Байсейтов атындағы саз колледжінің 4 - курс студенті Искакова Айсұлу мен біздің тәрбиеленушіміз - Шерубаев Санат та қатысып, батыр бабаларының ақ батасын алды.

Сәрсенбай Қаңтарбаев 1924 жылы 10 мамыр күні Көксу ауданы, Балпық би (Дүнгене) кентінде дүниеге келген. 1942 жылы Мұқыры орта мектебін бітіріп, 18 жасында 1942 жылы қыркүйек айының 2-сі күні әскер қатарына шақырылып, Аягөз қаласындағы I-қазақ полкінде 6-айлық кіші командирлер дайындайтын курстан өтіп, сержант атағын алып, кіші командир болған. 1943 жылы мамыр айында Түрікменстанның Мары қаласына пулеметшілер училищесіне оқуға жіберіліп, 6 ай оқығаннан кейін старшина атағы алады. 497, 500, 9-гвардия, 13-гвардия полктарының автоматшылар ротасында командир, мерген болған. 1943жылдың соңынан 1944 жылдың желтоқсан айына дейін Шығыс Пруссия елдерін (Польша, Литва, Латвия, Эстония) жаудан азат еткен. Автоматшы – Қаңтарбаев Сәрсенбай Германияның Гумбиннен қаласында 1944 жылы қаңтар айының 22-күні ауыр жараланып, 6 ай госпитальда жатып емделеді. Содан 1945 жылы 24- маусым күні Москва қаласындағы Қызыл Алаңда өткен Жеңіс парадына қатысып, II-топтағы соғыс мүгедегі болып, елге оралған. 1945-1951 жылдары Талапты ауылындағы (Жаршапқан) жетіжылдық орта мектепте мұғалімдік қызметте жүріп, 1951-1954 жылдар аралығында Жаркент педагогикалық училищесінің білім жетілдіру курстарына барып оқыған. 1952-1955 жылдары Алғабас ауылында Алғабас орта мектебінде мұғалім болып, 1955-1965 жылдары Алғабас ауылдық советінде хатшы болады. 1965-1985 жылдары Алғабас байланыс бөлімшесінде почта бастығы қызметтерін атқарған. 1966 жылы Семей қаласындағы байланыс бөлімінің 3 айлық оқуына барып оқыған. Майдангер Ұлы Отан соғысының I-дәрежелі орденімен, Ұлы Отан соғысының ардагері медалімен, Еңбек ардагері медалімен, 12 мерейтойлық медальдарымен және Астананың 10 жылдығы медалімен марапатталған. Көксу ауданының Құрметті азаматы. Сәрсенбай ата мен Бәтиха апа 9 бала тәрбиелеп өсіріп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырды.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2023. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.