События
Мәнерлеп оқу сайысы
Категория: События | |
Дата: 21.02.2020 | |
Просмотры: 519 | Печать страницы |

Қазақ поэзиясының Хантәңірі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ақынның артына қалдырған өшпес мұрасы өлеңдерін жас ұрпаққа насихаттап, әдебиетке, поэзияға деген қызығушылықтарын оятып, оқуға ынталандыру мақсатында үйіміздің Балалар кеңесінің мүшесі республикалық «Болашаққа жол» өнер байқауының көркемсөз оқудан І орын иегері Белоносова Снежананың ұйымдастыруымен 5-7-сынып оқушылары арасында «Поэзия Хантәңірі - Мұқағали» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайыс барысында қатысушылардың оқуларын бағалауда «Musik Festival» халықаралық байқауында көркемсөз аталымы бойынша Бас жүлде иегері Федорович Виктория, республикалық «Ұлы дала ұрпағы» балалар шығармашылығы байқауында көркемсөз оқудан Бас жүлде иеленген Веснина Ольга және мектепішілік мәнерлеп оқу сайысының Бас жүлде иегері Кенбаева Алтынай әділ төрелік етті. Ақын өлеңдерін нақышына келтіре, жүрекке жеткізе оқып берген Свитунов Дмитрий І орын, Абишев Нұрәли ІІ орын, Қали Жансая ІІІ орын иеленді.