События
Бата беру сайысы
Категория: События | |
Дата: 23.03.2020 | |
Просмотры: 591 | Печать страницы |

Бата беру сайысы
Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі екенін балаларға ұғындыру мақсатында тәрбиеші Ақбота Қайратбекқызы бата беру сайысын ұйымдастырып, белсене қатысқан балалар және І орын иеленген "Бәйтерек" тобы мақтау қағаздарымен марапатталып, тәтті сыйлықтар табысталды.