События
Кітап сағаты
Категория: События | |
Дата: 08.04.2020 | |
Просмотры: 346 | Печать страницы |

Кітап сағаты
Кітап сағатында балалар қазақстандық ғылыми – көпшілік «ОYLA» журналын оқып, Алтынай ас қорыту жүйесі қалай жұмыс істейтіні, адамдар не себепті тамақтанатыны, сағыз қалай дайындалатыны және тағамды заманауи технологиялар бойынша әзірлеу туралы қызықты мәліметтермен танысса, Нұрәли мен Руслан неге адамдар әртүрлі акцентпен сөйлейтіні жайылы зерттеулерді қызығушылықпен оқып, тіпті жануарлар да әртүрлі сөйлейтінін біліп таңқалысты. Ирина мен Ерсұлтан ми қатпарларының қайдан пайда болғанын оқып біліп, адам мен тышқанның миларының суреттерін салыстырып көрді. Виктория экоғаламшарлар, ғарыштың ағзаға зиянымен танысып, Жансая «Әлемнің таңғажайып көлдері» мақаласынан жаналғыш көл – Ниос, суының құрамы екі түрлі – Балқаш, қайнайтын көл – Бойлинг – Лейк, қарбыз тілігі сияқты – Хиллиер туралы қызықты деректер алып қайтты.