События
«Бала құқығы – адам құқығы» айлығы
Категория: События | |
Дата: 05.11.2020 | |
Просмотры: 463 | Печать страницы |

Тәрбиеленушілер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу, бала құқығын қорғайтын заңдар және заңнамаларды насихаттау мақсатында «Жеткіншек және заң» клубы құрылған. Балалар үйінің дәлізінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен кәмелетке толмағандарға қатысты құқықтардың бұзылуын, зорлық-зомбылықты немесе қатыгез қарым-қатынасты анықтау мақсатында Telegram мессенджерінде құрылған «BALA QORGAU» чатының ақпараттық стенді және Сенім жәшігі орнатылған, барлық топтарда 150 Сенім телефонының, 1424 сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет телефонының ақпараттық парақшалары ілінген.
«Жеткіншек және заң» клубы белсенділері қыркүйек айындағы отырыста «Жемқорлыққа жол бермейміз!» баяндамасын оқыды.
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бала құқығы – адам құқығы» айлығы аясында қазан айында спорт нұсқаушысы Р.А.Сысоева 5-7 – сыныптар арасында «Айналайын, алға!» спорттық эстафетасын, «Жігер» тобында Р.С.Кабдолдаева «Құқық бұзушылықтың алдын алу» құқық сабағын, «Арай» тобында М.А.Андабаева «Добро и зло в современном мире», Д.Ғ.Малтекбасова «Қоғамда зорлық — зомбылыққа жол жоқ!» тәрбие сағатын өткізді.
Балалар кеңесінің белсенділері – Үсенов Еділ, Веснина Ольга, Федорович Викторияның бастамасымен А.Е.Керейбаев «Біз бала құқығын қорғайтын мемлекетте тұрамыз!» бейнеролигін түсіріп республикалық байқауға жолданды.
«Мерей» тобында А.Қайратбекқызы «Я и мой друг:поиск заимнопонимания» тәрбие сағатын, «Жетісу» тобында Т.Т.Абилмажинова «Законы, по которым мы живем» құқық сабағын өткізді.
Балалар кеңесінің белсендісі – Белоносова Снежананың ұйымдастыруымен «Тәуелсіз, гүлденген ел ұланымыз!» мәнерлеп оқу челленджі жалғасуда.
9-11-сыныптар арасында Л.З.Қыдырманованың ұйымдастыруымен «Баланың құқықтары мен міндеттері» сайыс сабағы өтіп, барлық іс – шаралар «Айналайын» балалар үйінің фейсбук, инстаграмм парақшаларына жарияланып отырды.
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бала құқығы – адам құқығы» айлығы 20 – қарашаға дейін өтетін болады. Айлық аясында Талдықорған қалалық ювеналды полиция қызметкерлерімен онлайн – кездесу, ашық тәрбие сағаттары, сурет байқауы, дүниежүзілік сабақ, «Барлығы балалар үшін!» республикалық акциясын өткізу жоспарланып отыр.