Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Да
Нет


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 2

Новости

Бата беру сайысы

Дата: 23.03.2020 Категория: Новости Просмотры: 53
Бата беру сайысы Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі екенін балаларға ұғындыру мақсатында тәрбиеші Ақбота Қайратбекқызы бата беру сайысын ұйымдастырып, белсене қатысқан балалар және І орын иеленген "Бәйтерек" тобы мақтау қағаздарымен марапатталып, тәтті сыйлықтар табысталды.

«Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасы

Дата: 02.03.2020 Категория: Новости Просмотры: 85
​ «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңінде қызымыз Федорович Виктория жүлделі ІІ орын иеленді

Алғыс айту мерекесі

Дата: 02.03.2020 Категория: Новости Просмотры: 58
​ Алғыс айту мерекесі Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі. Қазақстан халқы бұл мейрамды алғаш рет 2016 жылы атап өтті. 2016 жылдың 14 қаңтарында еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін, яғни 1 наурызды Алғыс айту күні етіп жариялады. Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мерекеде Қазақстандағы өзге этнос өкілдері қиын-қыстау кезеңде құшақ жая қарсы алған кеңпейіл де қонақжай қазақ халқына алғыс айтады. Қазақ, орыс, татар, поляк, күрт ұлтының балалары тәрбиеленіп жатқан «Айналайын» балалар үйін кісі ассамблея десе де болады. Үйімізде өткен «Қазақ халқына мың алғыс!» атты мерекелік концертте балалар жомарт, бауырмал қазақ халқына деген басқа ұлт өкілдерінің алғысын «Переселендер» сахналық қойылымы арқылы көрсетіп, орыс, өзбек билерін орындап, бір шаңырақ астында тату – тәтті өмір сүріп жатқан көпұлтты Қазақстан халқының ауызбірш...

«Өнерге ұмтыл, өнерді біл замандас!» атты мектепаралық сахналық қойылым

Дата: 28.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 54
Ілияс Жансүгіров әдеби мұражайының ұйымдастыруымен Ардагерлер үйінде өткен Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдығына арналған «Өнерге ұмтыл, өнерді біл замандас!» атты мектепаралық сахналық қойылымдар байқауына тәрбиеші Букарбаева Жұлдыз Аханбаевнаның жетекшілігімен қатысқан балаларымыз "Құлагер" поэмасынан үзінді сахналап, жүлделі ІІ орын иеленді.

«Шығыстың ғұлама ғалымы – Әл – Фараби» атты тәрбие сағаты

Дата: 28.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 90
2020 жыл - "Әлемнің екінші ұстазы" атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді. Білімге деген құштарлығының арқасында Аристотельден кейінгі "екінші ұстаз" атанған, 150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар жазып қалдырған, философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономияны зерттеген ғалым Әл-Фарабидің өмір жолы мен еңбектері туралы балаларға түсінік беру мақсатында «Жігер» тобының тәрбиешісі – Меруерт Төлеубековна Буржанова «Шығыстың ғұлама ғалымы – Әл – Фараби» атты тәрбие сағатын өткізіп, балалар ұлы тұлға өмірінен көріністер сахналап, нақыл сөздерін жатқа айтты.

"Талдықорған жоғары политехникалық колледжіне" саяхат

Дата: 26.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 90
Мектеп бітіруші түлектерге кәсіптік бағдар беру мақсатында тәрбиеші - Лаура Заңгерқызы Қыдырманова 9-11 сынып оқушыларын "Талдықорған жоғары политехникалық колледжіне" экскурсияға апарып қайтты. Балаларды жақсы ниетпен қарсы алып, қажетті ақпараттар берген колледж директоры ф.-м.ғ.к. Мұқажанов Ерқат Биғалиұлына, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алимбекова Каламкас Жумагуловнаға, педагог-ұйымдастырушы Мұқанов Бейімбет Әлімханұлына, директордың өндірістік оқыту жөніндегі орынбасары Инсенов Арынғазы Жанайұлына алғыс білдіреміз!

Деструктивтік діни ағымдардың алдын алу

Дата: 25.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 91
Талдықорған қаласының Дін істері бөлімінің инспекторы - Бейбіт Смаханұлының қатысуымен жастардың санасына және қоғамға ірткі салатын дәстүрлі емес, теріс пиғылдағы, деструктивтік діни ағымдардан сақтанудың жолдарын балалар санасына ұғындыру мақсатында 9-11 сынып оқушыларына лекция оқылды.

Экологиялық сабақ

Дата: 24.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 68
«Жазира» тобының тәрбиешісі – Жанар Алимханқызы Өмірзақова туған жердің табиғатын сақтауға жетелеу, қоршаған ортаның ластануы тіршілік иелеріне зиян келтіретініне көзін жеткізу, рухани сауатты, саналы болуға тәрбиелеу мақсатында «Мен табиғаттың бір бөлігімін!» экологиялық сабағын өткізді.

Қалалық "Жарқын болашақ" қазақ тілі олимпиадасы

Дата: 24.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 68
Қалалық "Жарқын болашақ" қазақ тілі олимпиадасының "Білгірлер бәйгесі" бағытында қызымыз Федорович Виктория І орын иеленді.

Ауыр атлетикадан облыстық чемпионат

Дата: 21.02.2020 Категория: Новости Просмотры: 38
Ауыр атлетикадан 2006 жылы туған және одан кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Алматы облысының чемпионатында 26 келі салмақ дәрежесінде баламыз Павлов Руслан ІІІ орын иеленді.
Разработка сайта от компании «ARAPBI».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.