Четверг, 01 Июня 2023
Объявления: #

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Да
Нет


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 9

 События

Встреча с выпускниками

События 08.07.2021 442

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты "Nur Otan" Партиясы Фракциясының мүшесі Әлия Маратқызы Абсеметова, ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Айгүл Сайфоллақызы Құспан, Қазақстан жазушылары және журналистері одағының мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мақпал Тәжмағамбетова "Айналайын" балалар үйінің түлектерімен кездесті. Кездесу барысында түлектер оқу мен еңбектегі және отбасылық жетістіктерін мақтанышпен айтып, құрметті қонақтардың аналық ақ батасына бөленді.

Праздничный концерт "Жаса, жайна, арман қала - Нұр - Сұлтан!"

События 05.07.2021 506

"Айналайын" жазғы лагерінде Елорданың туған күніне орай "Жаса, жайна, арман қала - Нұр - Сұлтан!" айдарымен мерекелік концерт өтіп, "Қазақстаным", "Отан", "Қазақ елі осындай", "Туған ел", "Нұр Астанам" әндері, "Қара жорға", "Лезгинка", "Нәзік", орыс, өзбек билері орындалып, балалар бас қаламызға арнауларын өлең жырларымен жеткізді.

"Жаңа ұрпақ - нұрлы жаз"

События 24.06.2021 561

"Жаңа ұрпақ - нұрлы жаз" демалыс лагерінде бүгін Балалар Кеңесінің ұйымдастыруымен "Таланттар керуені" байқауы өтті. Байқау жүргізушілері Үсенов Еділ мен Әукенова Сезім мың бұрала корей, үнді, заманауи билер билеген өнерпаздарды ерекше арнаулармен қанаттандырып, шабыт беріп, қызықты кештің көрігін қыздырды.

Бүгін қазақтың әйгілі жазушысы, ақыны Сәбит Мұқанұлы Мұқановтың туған күні.

События 26.04.2021 621

Бүгін қазақтың әйгілі жазушысы, ақыны, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Сәбит Мұқанұлы Мұқановтың туған күні. Сәбит Мұқанов 1900 жылы Ақмола губерниясы, Қызылжар уезінде дүниеге келген. "Хабар" клубының кезекті отырысында Кама Қалымбекқызы балаларды ұлы тұлғаның өмірімен таныстырып, шығармаларынан үзінділер оқып берді.

23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне

События 22.04.2021 516

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында 23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай Сәкен Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы мен "Айналайын" балалар үйі кітапханасы арасында кітап алмасу шарасы іске асырылды.

Воспитательный час "В мире профессии"

События 25.03.2021 418

"Жігер" тобында тәрбиеші Меруерт Төлеубековнаның ұйымдастыруымен "Кәсіптер әлемінде" тәрбие сағаты өтіп, балалар мамандық әлемінен ақпараттар алды.

Республиканский детский фестиваль Қазақстан - менің алтын бесігім"

События 15.03.2021 819

"Ризашылық - мейірімділік бұлағы" жалпыұлттық жобасы аясында өткен "Қазақстан - менің алтын бесігім" республикалық балалар фестивалінің жеңімпаздарына Қазпошта арқылы сыйлықтары жеткізіліп, табысталды. Байқау ұйымдастырушыларына алғысымыз шексіз!

Праздничное поздравление

События 08.03.2021 690

Балалар кеңесінің белсенділері Еділ, Темірлан, Серікболсын қыздарға арнап ұлдар атынан мерекелік құттықтау концертін ұйымдастырып, қыздарға сыйлықтар тапсырылып, әртүрлі қызықты ойындар ойнатылды. Мереке соңы би кешімен жалғасты.

Мы гордимся тобой!

События 06.03.2021 577

Үйіміздің түлегі Қадыр Амир Магруфович әскери борышын өтеуде Отан алдындағы әскери қызметтегі үлгілі тәртібі, сонымен қатар жауынгерлік даярлық және мемлекеттік-құқықтық дайындығынан жоғары нәтижелер көрсеткені үшін 06708 әскери бөлім командирі подполковник Е.Батырбековтан мақтау қағазымен марапатталды. Біз сенімен мақтанамыз!

Благотворительная акция "От чистого сердца-5"

События 02.03.2021 592

Алғыс айту күніне орай Талдықорған қаласындағы Жетісу университетінің ұжымы мен білімгерлері "Шын жүректен-5" мейірімділік акциясы аясында балаларға қуаныш пен шаттық сыйлады. Сіздерге Алғысымыз шексіз!

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2023. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.