Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Да
Нет


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 3

Новости

Талдықорған қалалық прокуратурасының қатысуымен өткен іс - шара «Айналайын» Балалар үйі»

Дата: 20.11.2019 Категория: Новости Просмотры: 255
Талдықорған қалалық прокуратурасының қатысуымен өткен іс - шара «Айналайын» Балалар үйі» КММ – сі мен Талдықорған қалалық прокуратурасының ұйымдастыруымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары туралы Конвенциясы туралы жалпы түсінік беру, балалардың құқықтары сақталатын болашақты талқылау, өз құқықтары туралы айту және әрекет етуді бастауға жетелеу, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 20 қараша күні Дүниежүзілік балалар күні және Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясы қабылданғанының 30 жылдығы мен ратификацияланғанының 25 жылдығын мерекелеуге арналған "БАЛАЛАР ҮШІН БІРГЕ» атты іс – шара өтті. Кеш қонақтары – Алматы облысының білім басқармасы «Қамқоршылық және қорғаншылық бөлімінің» басшысы – Молотова Алиям Максимовна, Талдықорған қалалық прокуратурасының «Қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің» прокуроры – Нургалиева Жанна Берікқалиқызы, кәмелетке толмағандардың істері жөнін...

Балалар үйінің дәрігері

Дата: 20.11.2019 Категория: Новости Просмотры: 102
Балалар үйінің дәрігері – Аукенова Гүлнұр Асемгалиевна мен медбике Бейсенова Марал балаларға дифтерия, көбінесе балаларда кездесетін жұқпалы тамақ ауруы туралы дәріс өткізіп, аурудың алғашқы белгілері, таралу жолдары, емдеу және алдын алу туралы мәліметтер беріп, балаларға жеке бас гигенасын үнемі сақтауды талап етті.

Жадыра апай біздің супер ана!

Дата: 18.11.2019 Категория: Новости Просмотры: 196
18 қараша күні аналары – Жадыра Иркимбековна Сейсембаеваның туған күніне балалар кеңесінің ұйымдастыруымен шағын мерекелік концерт өтті. «Бізге еңбегі мол, мол. Дәрежесі зор, зор. Жадыра апай біздің супер ана! – деп әндетіп бастаған вокал тобының қыздары, «Гүл қыздар», «Менің өлкем» әндерін, Тұрсынақын Толғанай «Аппақ гүлдер», кішкентай бөбектер «Анашым», Ступаков Данил «Болашағы елімнің» әнін, биші ұл – қыздар «Танго», «Заманауи» билерін орындап, аналарына өз қолдарымен жасаған сыйхаттарын, сувенирлерін сыйлап, керемет көңіл күй сыйлады.

Құқық апталығы

Дата: 16.11.2019 Категория: Новости Просмотры: 112
Құқық апталығы "Бала құқығы – адам құқығы" онкүндігі аясында 16 – қараша күні балалардың ой-өрісін дамыту,іздендіру, құқықтық сауаттылығын арттыру, мәдениеттілікке тәрбиелеу мақсатында «Мен және менің құқықтарым» айдарымен «Жетісу дебат клубы» белсенділері Мейірхан Шырын, Мадет Ернұр, Боранбаева Аяжан, Қалиев Бейбарыс, Әшім Әлия, Нұрахмет Таңшолпанның қатысуымен дебат ойыны өтті. Ойын соңында «Біз бақытты баламыз!» сурет байқауының жеңімпаздары Мерқали Жансая, Степанов Дмитрий, Федорович Ульяна және «Құқығымды білемін, заңмен ғана жүремін» қабырға газеті байқауының жеңімпаздары «Арай», «Жетісу», «Үміт» топтары марапатталды.

"Бала құқығы – адам құқығы"

Дата: 16.11.2019 Категория: Новости Просмотры: 176
ҚР БҒМ бастамасымен дүниежүзілік балалар күніне арналған "Бала құқығы – адам құқығы" онкүндігі аясында 13 қараша күні «Айналайын» балалар үйінде балаларға Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары туралы Конвенциясы туралы жалпы түсінік беру, балалардың құқықтары сақталатын болашақты талқылау, өз құқықтары туралы айту және әрекет етуді бастауға жетелеу мақсатында «Қазіргі және болашақ: әр бала үшін қорғалған балалық шақ» атты дүниежүзілік сабақ өтті. Сабақ барысында балалар өз құқықтары мен міндеттерін айқындап, балалардың көңіл – күйлерін көтеретін сергіту жаттығулары ойнатылды. «Әрекет-қабілеттілік пирамидасы», мақал-мәтелдердің жалғасын табу топтық тапсырмалары орындалды.

«Динамо»

Дата: 11.11.2019 Категория: Новости Просмотры: 96
«Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамдық бірлестігінде өткен жарыс. Балалардың күзгі демалысын қызықты ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында балалар үйінің басшысы Жадыра Иркимбековна Сейсембаева мен «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамдық бірлестігінің спорт бөлімі басшысы – Атантаев Дидар Сайлауұлының ұйымдастыруымен 1 – қараша күні тәрбиеші – аналар мен жасөспірім ұл – қыздар арасында волейболдан жарыс өтті. Аналар арасындағы ойында І орынды «Жұлдыз» тобы (Команда капитаны – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – Жазира Ахметсапина Андабаева, тәрбиешілер - Х.Т.Баядилова, Ш.Т.Жұмабекова, А.С.Серғазиева, М.Т.Буржанова, Ж.А.Өмірзақова), ІІ орынды «Болашақ» тобы (Команда капитаны – спорт нұсқаушысы – Руслана Алихановна Сысоева, психолог – Толқынай Берікқызы Тұрдахынбаева, тәрбиешілер – Ш.Р.Жубаева, Д.Ш.Умерзакова, А.Қ,Малибекова, Б.Д.Байтоқова) иеленді....

Күз мерекесі

Дата: 02.11.2019 Категория: Новости Просмотры: 75
Күз мерекесі Балаларды әсемдікке жетелеу, шығармашылық қабілетін дамыту, ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында 2 қараша күні балалар кеңесінің белсенділеріменұйымдастырылған «Күзгі думан» байқауы балалардың күзгі демалысын қорытындылады. Байқау барысында қатысушы балалар өздерін бейнеролик арқылы таныстырып, өнер сайысы кезеңінде Тұрсынақын Толғанай «Аппақ гүлдер» әнін, Коваленко Евгений мен Тойшыбекова Аяулым «Танго» биін, Шиянов Сергей «Аборигендер» биін, Бочаров Максим мен Черняев Сергей заманау би, Мамучева Екатерина қазақ биін топтағы барлық достарымен бірігіп орындады. Сайыскерлерге күзгі вальс билеу, галстук байлау, шаш үлгісін жасау сияқты жеке тапсырмалар берілді. Байқауға директордың орынбасарлары – Ж.А.Андабаева, М.С.Жанайбекова, психолог – Т.Б.Тұрдахынбаева әділ қазылық етіп, «Күз ханзадасы» атағын – «Жетісу» тобының серісі – Коваленко Евгений, «Күз ханшайымы» - «...

«Саналы ұрпақ – ұлт болашағы»

Дата: 31.10.2019 Категория: Новости Просмотры: 85
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті Құқық және экономика факультетінің ұйымдастыруымен өткен 31 қазан күні «Саналы ұрпақ – ұлт болашағы» атты «Рухани жаңғыру» жобасы бойынша тәрбие жұмысы және ұлттық тәрбиелік мәнісі бар дөңгелек үстел өтіп, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – М.С.Жанайбекова, тәрбиеші – жаратылыстану пәндерінің магистранты – А.С.Серғазиева, тәрбиеленушілер – Мерқали Сағыныш, Скотарева Валентина, Тойшыбекова Аяулым, Федорович Виктория қатысты. Дөңгелек үстел барысында баяндамалар оқылып, жастар патриотизмі туралы пікір алмасты.

Күзгі демалыс

Дата: 31.10.2019 Категория: Новости Просмотры: 63
Психолог Толқынай Берікқызы тәрбиеленушілерге мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау; кәсіби бағдар беру; түрлі жаттығулар арқылы таным процестерін дамыту, өз пікірін еркін айтып, өзгенің пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу мақсатында іскерлік ойынын ұйымдастырып, «Сенің ерекше қабілетің», «Мамандық қасиеттері», «Жасырылған мамандықты тап!» жаттығулары, «Әріпті мамандық» ойынын өткізді. Күзгі демалыс кезінде өткен қызықты іс- шара балалардың көңілінен шығып, уақыттарын тиімді пайдалануға ықпал етті.

Спартакиада

Дата: 30.10.2019 Категория: Новости Просмотры: 108
29-30 қазанда, Алматы облысының мұғалімдері арасында спорттың волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ, 100 метрге жүгіру, бұқа тартыс түрлерінен Алматы қаласында өткен Спартакиадада балалар үйінің спорт нұсқаушысы Сысоева Руслана 100 м жүгіруден 1 орын иеленді.
Разработка сайта от компании «ARAPBI».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.