Воспитательная работа
Поэтический вечер "Мұқағали - мәңгілік ғұмыр"
Категория: Воспитательная работа | |
Дата: 08.02.2021 | |
Просмотры: 372 | Печать страницы |

Кітапханашы Кама Қалымбекқызы ғасыр ақыны М.Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай "Хабар" клубының мүшелерімен ақиық ақынның өмірімен таныстыру, поэзияға деген қызығушылығын арттыру мақсатында "Мұқағали - мәңгілік ғұмыр" айдарымен поэзия кешін ұйымдастырды. Балалар сыршыл да шыншыл ақын өлеңдерінің мәні мен маңызына үңіліп, рухани танымы кеңейді. Кітап көрмесінде 1974 жылы жарық көрген "Аққулар ұйықтағанда", 1999 жылы жарияланған "Аманат" атты жыр жинағы, "Мұқағали" республикалық әдеби - мәдени, танымдық журналдары және басқа кітаптар таныстырылды. Балалар Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін нақышына келтіре мәнерлеп оқып, ақын сөзіне жазылған әндерді орындады.