Воспитательная работа
Интеллектуальная игра "Математикалық шытырман"
Категория: Воспитательная работа | |
Дата: 19.01.2021 | |
Просмотры: 551 | Печать страницы |

"Жігер" тобының тәрбиешісі А.Қ.Дулықанова балаларға абстрактілік ойлауға, ой түйіндеуге, өзгеше,танымдық тапсырмалар шешу кезіндегі логикалық ой қорытуға мүмкіндік беру, өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландыру, ойлау қабілеттерін дамыту арқылы ұқыптылыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа және жарысу арқылы тез,дұрыс есептеуге тәрбиелеу мақсатында "Математикалық шытырман" тақырыбында зияткерлік сайыс сабағын өткізді. Сайысқа "Тапқырлар" мен "Ойшылдар" командалары қатысты.
Сабақ "Кім жылдам?", "Тауып көр", "Математикалық жұмбақтар шешу", "Логикалық есептер шешу", "Сөзжұмбақ шешу", "Анаграмма шешу", "Сандарға қатысты мақал-мәтелдер айту" сияқты кезеңдерден тұрды . Жеңіске "Ойшылдар" командасы жетіп, марапатталды.