Воспитательная работа
Познавательный урок "Күй анасы - Дина"
Категория: Воспитательная работа | |
Дата: 09.01.2021 | |
Просмотры: 508 | Печать страницы |

Кітапханашы - Кама Қалымбекқызы "Хабар" клубының кезекті отырысында қазақтың атақты күйші - композиторы, Қазақстанның халық әртісі Дина Нұрпейісованың 160 жылдық мерейтойына орай "Күй анасы - Дина" атты танымдық сабақ өткізіп, клуб мүшелерін дара тұлға туралы көптеген мәліметтермен таныстырды. Дина ата-ана шаңырағында бұлаңдап өскен жас кезінің өзінде ақ Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Ұзақ, Есжан, Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің күйін нәшіне келтіре тартып, төңірегі «домбырашы қыз» деп атаған. Қаршадай қыздың даңқын естіп, әйгілі Құрманғазы арнайы іздеп келген. Ол Динаның домбыра тартысына сүйсініп, болашағынан үлкен үміт күтіп, батасын берген. Осыдан кейін Динадан көз жазбай, үнемі айналып соғып, додалы күй айтыстарына ертіп барып, домбыра тартудың терең сырларын үйретеді. Дина тоғыз жасынан бастап он тоғыз жасына дейін, қашан ұзатылғанша Құрманғазының баулуында болады. Құрманғазыдай дәулескер күйшінің ұстаз болуы Динаның ғана бақытты болып қойған жоқ, исі қазақтың күй өнерінің бақыты болды.