Воспитательная работа
"День рыбака"
Категория: Воспитательная работа | |
Дата: 24.07.2021 | |
Просмотры: 559 | Печать страницы |

Тәрбиеші Айгүл Құрмашевна балаларды балық түрлерімен таныстыру, олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы жайында түсінік бере отырып, балықтарды сақтауға, қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу мақсатында "Балықшылар күні" айдарымен қызықты сайыс өткізді. Балалар су асты әлемі туралы көріністер сахналап, балықтар туралы жұмбақтар шешіп, сұрақтарға жауап берді.