Воспитательная работа
"Оқысаңыз балалар, шамнан шырақ жағылар!" урок -состязание
Категория: Воспитательная работа | |
Дата: 25.09.2021 | |
Просмотры: 593 | Печать страницы |

Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері – Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Ыбырай мұрасы – өшпес ғұмыр, таусылмас қазына» атты қазақ тілі онкүндігі аясында "Ұлан" тобының тәрбиешісі Еркежан Төлеухановна "Оқысаңыз балалар, шамнан шырақ жағылар!" айдарымен сайыс сабағын өткізіп, балалар ақынның өмірбаяны, еңбек жолы, шығармалары туралы сұрақтарға жауап беріп, "Мақта қыз бен мысық", "Таза бұлақ", "Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш" әңгімелерін сахналап, өлеңдерін нақышына келтіре мәнерлеп оқыды. Іс - шара соңынан "Өнерлілер" және "Білімділер" тобына бөлініп сайысқа түскен жас ыбырайтанушылар марапатталып, сыйлықтар табысталды.