Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай тәрбиеленушілердің Қазақстанның ғалымдары туралы білімдерін кеңейтіп, қазақ халқының белгілі тұлғаларын білуге тәрбиелеу мақсатында "Арай"тобының тәрбиешісі Андабаева Меруерт Ахметсапановна "Тәуелсіздік ғалымдары" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.