Пятница, 28 Января 2022
Объявления: #

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Да
Нет


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 9

 Работа психолога

Упражнение "Подпись на футболке"

Работа психолога 11.12.2021 13

Психолог Балнұр Болатқызы "Жетісу" тобының ұлдарымен "Футболкадағы қолтаңба" жаттығуын өткізіп, балалардың өз - өзіне деген құрмет сезімін анықтап, өзі туралы ойларын дамытты. Жаттығу барысында тәрбиеленушілерге футболканың суреті бар парақ таратылып, оған өз футболкаларына қандай жазу, сурет салғысы келеді, соны салғызды. Бірақ ол жазу, сурет адамның бір нәрсеге бейімділігі туралы айтылатындай - олардың немен айналысатынын, ойындарын, әлемге қатысын және т.с.с. білдіруі керектігін ескертіп, жұмысқа 5-10 минут берілді. Осыдан кейін тәрбиеленушілер өздерінің қолтаңбалары туралы әңгімеледі. Жаттығу қызықты өтіп, балалар белсене қатысты.

Упражнение "Закончи рисунок"

Работа психолога 06.12.2021 12

Психолог Балнұр Болатовна «Жігер» тобының балаларының ойша жұмыс істей білуін дамыту мақсатында "Суретті аяқтайық" жаттығуын өткізді. Алдын ала плакатқа мысықтың және қоянның құлақтары салынып, балалардың көздері шарфпен байланды да, олар кезек-кезекпен шығып, бірі денесін, бірі басын, бірі аяғын салып, жаттығу қызықты өтті.

"Школа приемных родителей"

Работа психолога 01.11.2021 13

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 сәуіріндегі № 165 бұйрығына сәйкес, бала асырап алуға үміткер ата – аналарды дайындау мектебінен 17 топтың 15 үміткерлері онлайн түрде психологиялық даярлау курсынан өтіп, сертификаттарын алды.

Тренинг "Өзіңді бағала!"

Работа психолога 01.11.2021 14

Балалардың күзгі демалысын қызықты ұйымдастыру, көтеріңкі көңіл - күй сыйлау, тәрбиеленушілер арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту мақсатында психолог Балнұр Болатқызы "Өзіңді бағала!" тренингтік жаттығуын ұйымдастырды.

"Адамгершілік ағашы"

Работа психолога 24.09.2021 12

Психолог Балнұр Болатқызы "Үміт" және "Арай" топтарында "Адамгершілік ағашы" жаттығуын өткізіп, қатысушылар қағаздардан жасалған кішкентай жапырақшаларға «Жаман қасиеттерден аулақ болуымыз үшін не істеуіміз қажет, қандай қасиеттерді бойымызға дарытуымыз керек?», – деген сұраққа жауап жазады. Жылы, мейірімді сөздер жазылған жапырақшаларын адамгершілік ағашына іліп, солып қалған ағашты жандандырды.

Тренинг "Көңілді күн"

Работа психолога 23.09.2021 24

Психолог Балнұр Болатқызы балалардың көңіл күйлерін көтеру, бір біріне сыйласымдылық қасиеттерін арттыру мақсатында "Көңілді күн" тренингтік жаттығуын өткізді. Ойындарға қызығушылықпен қатысқан балалар өздерінің бойындағы жақсы қасиеттерін атап, бір біріне жақсы тілектерін арнады.

Тренинг "Мен ең сұлумын!"

Работа психолога 22.09.2021 18

"Жазира" тобының қыздарының өзін - өзі бағалау деңгейін арттыру мақсатында психолог Балнұр Болатқызы "Мен ең сұлумын!" тренингтік жаттығуын өткізді. Адамның өзіне берер бағасы, сенімділігі жоғары болса, кез келген қиындықтан оңай шыға біледі. Өзін-өзі бағалауы тұрмыстық жағдайға, білім дейгейіне де байланысты болуы мүмкін. Адамның өзіндік «Мені» жоғары болғанда ғана өзін-өзі бағалауы да жоғары деңгейде болады. Ал «Мен» шектен тыс көп болса, тәкаппарлыққа тіреледі.

Тренинг "Достық сыры"

Работа психолога 22.09.2021 15

Балалар арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету, коммуникативті өрісті дамыту мақсатында "Мерей" тобында өткен "Достық сыры" тренингтік жаттығуында балалар «ДОС» сөзіне "дәм кіргізіп", дос қандай болу керектігін айтты. Бір - біріне достық адал тілектерін білдіріп, Балнұр Болатқызы ұйымдастырған ойындарға қызығушылықпен белсене қатысты.

игра-тренинг "Караван настроения"

Работа психолога 27.07.2021 34

Психолог Толқынай Берікқызы балалардың көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өздеріне құрметпен қарау, ұжымда сыйластық қарым-қатынас орнату мақсатында жазғы демалыс лагерінде өткізген "Көңіл - күй керуені" тренингтік ойындарына кішкентай бүлдіршіндер қызығушылықпен белсене қатысты.

"Көңілді күн" тренингтік ойындары

Работа психолога 25.06.2021 18

Психолог Толқынай Берікқызы қыздардың көңіл-күйін көтеру, жағымды эмоция туғызу, өздерінің адамгершілік мінез-құлықтарына баға беру, өзіне деген сенімділік қабілеттерін дамыту мақсатында "Үміт" тобы қыздарымен "Көңілді күн" тренингтік ойындарын ұйымдастырды.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.