Вторник, 31 Января 2023
Объявления: #

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Да
Нет


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 9

 Библиотека

Заседание клуба "Хабар"

Категория: Библиотека
Дата: 19.04.2021
Просмотры: 281 Печать страницы
Заседание клуба

 

19 сәуір велосипед күні. «Хабар» клубының ізденімпаз белсендісі Веснина Ирина велосипед қалай пайда болғаны туралы төмендегі деректермен танысуды ұсынады:

Жалпы велосипедтің шығу тарихы мен оны нақты кімнің ойлап тапқаны белгісіз. Дегенмен,велосипед туралы әңгіме қозғалғанда ең ықтимал болжам ретінде неміс бароны Карл Дрездің есімі аталады. Ескерткіштің Германияның Карлсруэде қаласында қойылуы да тегіннен тегін болмаса керек. Карл фон Дрездің негізгі мамандығы орманшы болған екен.Бірақ,ол механикаға қатты қызығатын.Үнемі тыным таппай,бір нәрсе жасаумен болатын.Бірақ ол осыған дейін белгілі болған заттарды қайталап жасамайтын. Керісінше,бұған дейін болмаған заттарды ойлап тауып,жасап жүретін.Яғни,ол өнертапқыш еді.1817 жылы оған “жылдам жүретін машина” жасау туралы ой келеді.Екі үлкен доңғалақ отырғышпен жалғасатын,ал көліктің рөлі жоқ болатын. Велосипедші доңғалақтардан шығып тұрған екі таяқтан ұстап отыратын.

Көліктің педалі де жоқ еді,сондықтан отырған адам көлігін аяғымен жерді итеріп жүргізетін. Осыған қарамастан Карл фон Дрез осы көлігімен сағатына 20 шақырым жылдамдықпен жүретін. Сырт көзге бұл велосипедпен жүру қызық,күлкілі болып көрінетін.Сондықтан болар велосипедімен келе жатқан өнертапқышты көрген қала тұрғындары ішек-сілесі қатып,рахаттанып күлетін. Бірақ,осыған қарамастан,тұрғындар арасынан дәл осындай машина мінгісі келетіндер де табылды.

Велосипед сөзі қалай пайда болды?

Алайда,кейбір деректер бойынша,велосипедтің педалі мен отырғышын шотландық шебер,темір ұстасы Крик-патрик Макмиллан ойлап тауып,1839 жылы іске асырған деседі.Бұл нұсқа бойынша алғашқы велосипедті ойлап тапқан Макмиллан болып шығады. Сол сияқты қазіргі велосипедке ұқсайтын көлік құралын франциялық өнертапқыш,19 жасар Пьер Лалман 1863 жылы жасап шығарған көрінеді. Тағы бір жылдан кейін франциялық инженер Пьер Мишо бұл көлікке “велосипед” деген атау берген екен. Оның ойлап тапқан машинасы бүкіл Францияға мәлім болып,1869 жылы велосипедтен жарыс ұйымдастырыла бастайды. Ал,1888 жылы ирландық Джон Данлоп ауамен толтырылатын “шинаны” ойлап табады. Осылайша жылдар бойы техникалық жағынан жетілдірілген велосипед бүгінгі күні дейін адамзат кәдесіне жарап келеді. Ал “велосипед” сөзі француз тілінен шыққан.Француз тілінен аударғанда “velox”- жылдам,ал “pes” – аяқ деген мағынаны білдіреді.

 

 

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2023. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.