Четверг, 01 Июня 2023
Объявления: #

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Да
Нет


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 9

 Библиотека

Заседание клуба "Хабар"

Категория: Библиотека
Дата: 19.04.2021
Просмотры: 392 Печать страницы
Заседание клуба

Бүгін бәйшешектер күні. Бәйшешек күн жылынып, шуақты көктемнің келе жатқанын алғаш хабарлайтын күй талғамайтын гүл. Көктемнің басында, қыстың қары толығымен еріп бітпеген кезде тауда және тау бөктерінде, ормандағы қардың астында, толығымен ерімен ала қардың астынан ақ, көгілдір немесе күлгін ғажайып, бәйшешек гүлі шығады. Бәйшешектің гүлдегенін көрмеген адамдар да, ол туралы білмейтіндер де бар. Соған орай "Хабар" клубының белсендісі Мерқали Жансая өзі оқып – білген бәйшешек туралы қызықты деректерін сіздермен бөліседі.

Бәйшешектің латынша атауы «галантус». Ол гректің «гала» – сүт және «антус» – гүл деген сөзінен шыққан, яғни қазақша сүт тамшысы деген мағына береді. Бәйшешектің аппақ қауызы шын мәнінде де, қатып қалған сүт тамшысына ұқсайды. Бәйшешектің ең көп түрін Кавказда кездестіруге болады. Ол жерден бәйшешектің 16 түрі табылды.

Бәйшешектің құрамында алғаш рет Воронов бәйшешегінің баданасынан бөлінген және «маңызды және негізгі дәрі-дәрмектер» тізіміне кіретін гортанамин органикалық қосылысы бар. Галактаминді жұлын қабынуының қалдықтық әсерін, қозғалыстық бұзылуларды, орталық жүйке жүйесінің бұзылуымен және басқа да ауруларды емдеу үшін қолданады.

Бәйшешектің көктемде шығатынына қарамастан, ол 10 градус аязға да төзе алады. Оған мұндай аязға төлеп беруіне негізі сабағындағы жұқа түктерден тұратын өзіне тән қабығы көмектеседі. Бәйшешек әртүрлі өнер туындыларында кездеседі және ол көптеген жазушылардың шығармаларына арқау болған. Мысалы, Ханс Кристиан Андерсеннің 1862 жылы жазылған кішкентай батыл гүл мен қыздың тұрақсыз махаббаты туралы баяндалатын ертегісі немесе зұлым өгей шешенің қыстың ортасында кішкентай қызды бәйшешек жинауға жіберуі туралы айтылатын Самуил Маршактың 1942 жылы жазған «Он екі ай» ертегісін еске түсіріңіз. Ресейдің Қызыл кітабына бәйшешектің 6 түрі, ал Қазақстанның Қызыл кітабына екі түрі енгізілген.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2023. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.