Библиотека
Заседание клуба "Хабар"
Категория: Библиотека | |
Дата: 09.12.2020 | |
Просмотры: 327 | Печать страницы |

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік туы, желбіре!» атты онкүндік аясында кітапханашы Кама Қалымбекқызы "Ұлт көшбасшысы және Тәуелсіздік" айдарымен кітап көрмесін ұйымдастырып, балаларды еліміздің тәуелсіздік алған сәтінен бастап бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы туралы қаламгерлердің жазған еңбектері мен тәуелсіздік жылдарында баспадан шыққан әдебиет туындыларымен таныстырды.
Ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасап, осы жолда тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың кемел саясаты мен ерен еңбегін таныту мақсатында Кама Қалымбекқызы балаларға тәуелсіздік ұғымын кеңінен түсіндірді.