Библиотека
Заседание клуба "Хабар"
Категория: Библиотека | |
Дата: 24.05.2021 | |
Просмотры: 372 | Печать страницы |

"Хабар" клубының кезекті отырысында Кама Қалымбекқызы балаларды саяси қуғын - сүргін құрбандары, Алаш зиялылары туралы мәліметтермен таныстырды. Алаш қайраткерлері қазақ қоғамының өміріне белсене араласып көпбағытты саяси істер атқарды - баспасөз-ақпараттық құралдарын құрып газет-журналдар шығарды, азаттық, бостандық идеяларын, Алаш идеясын таратты, ұлттық қоғамда туындайтын қайшылықтарды бейбіт түрде шеше білді, әртүрлі әлеуметтік топтардың арасында мәмілегерлік үлкен еңбек атқарды, саяси үндеулерін, өлеңдерін, пікірлерін жариялады, қаулы-қарардар қабылдады, съездер ұйымдастырды, демократиялық негізде Алаш партиясын, Алаш үкіметін құрды, ұлттық атрибутикаларды дүниеге әкелді, Алаш автономиясын жариялау арқылы ұлтты ұйыстырды, біріктірді, тұтастырды.
Алаш зиялыларының қазақ халқының алдындағы келесі бір жасаған ұлан-ғайыр ұлағатты ісі- мәдени саладағы сан қырлы, оның ішінде әдебиет бағытындағы атқарған өлшеусіз еңбектері.
Алаш қозғалысы өкілдерінің ұлттық мәдениетті дамыту барысында шығармашылықпен істеген зор еңбектері әдебиетті, жазба және ауызша тілді, ұлттық педагогиканы, психологияны, тарихты, этнографияны, публицистиканы, баспасөзді, аударма ісін, медицинаны, биологияны, табиғаттануды, ауыл шаруашылығын, математиканы, өркениетті даму жолдарын қамтыды