Библиотека
Летняя библиотека под открытым небом
Категория: Библиотека | |
Дата: 24.07.2021 | |
Просмотры: 187 | Печать страницы |

"Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына" деген екен түркі жұртының ұлы ақыны, ойшыл Әлішер Науаи. Расында қай ғасырда да кітаптың алатын орны бөлек. Кітап кемелденуге көмектеседі. Қаншама технологиялар шығып жатыр. Бірақ бұлардың бәрі кітапты алмастыра алмасы анық. Оқыған адамның күні қашан да жарық.
Кітап оқу – қоршаған ортаны, дүниені және өзін тануға көмектеседі, жадыны және ойлауды дамытады. Яғни, көп оқыған адам жадысы мықты, тез ойлап, тез қорыта алады, талдауға, сараптауға, өзіндік жүйелі пікір қалыптастыруға үйретеді, көптеген табыс пен жетістіктің ең басты негізі болады, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіп, әдемі сөйлеу дағдыларын қалыптастырады,
сөздік қорды байытады және жалпы сауаттылық деңгейін арттырады, адам бойында бұғып жататын шығармашылық қабілеттерді дамытады.