Вторник, 28 Марта 2023
Объявления: #

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Да
Нет


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 9

 Библиотека

Заседание клуба "Хабар"

Категория: Библиотека
Дата: 01.11.2021
Просмотры: 144 Печать страницы
Заседание клуба

1 қараша – ерекше атаулы күн - халықаралық түлкі күні. Осы атаулы күнге орай "Хабар" клубының кітапқұмарлары сұлу әрі айлакер аң туралы мәліметтермен танысып, ертегілер оқыды.

Түлкі ең ажарлы жыртқыш аңдардың бірі. Терісінің реңі қызғылт сары, құйрығы ұзын әрі жүндес, тұмсығы ұзын әрі жіңішке, ал көздерінен ақыл әрі айлакерлік аңғарылады. Түлкі кішкентай ит шамалас. Жирен аңның реңі шіп-шикіл түстен сұр түске дейін кездеседі. Солтүстік жақта мекендейтін түлкілердің терісі қызғылт түсті, қыр далада мекендейтін түлкілердің терісі сұр және сары түстес. Терісі қара түсті түлкілер де болады. Қара сұр түлкі терісі ең әдемі болып саналады. Сол себептен қара сұр түсті түлкілерді бұрыннан бері фермаларда өсіреді. Түлкі Еуропада да, Азияда да, Америкада да, Африкада да өмір сүреді. Бұл аң кез-келген климат жағдайына бейімделе алады. Оңтүстік жақта мекендейтін түлкілер солтүстік жақтың түлкілеріне қарағанда ұсақтау келеді, оған қоса солтүстіктің түлкілерінің терісі әлдеқайда қалың және мамық. Түлкі аса тәсілқой және шапшаң аң. Оның жүгіруі соншалықты ұшқыр, тіпті иттің оны қуып жетуі қиынға соғады. Сонымен қатар ол өте айлакер: өз ізін жасыру және қорек табу үшін әртүрлі айла-тәсіл ойлап таба алады.

 

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2023. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.