Библиотека
Заседание клуба "Хабар"
Категория: Библиотека | |
Дата: 13.12.2021 | |
Просмотры: 209 | Печать страницы |

13 - желтоқсан Аю күні аталып өтеді. Осыған орай Кама Қалымбекқызы "Хабар" клубының белсенділерімен аю туралы қызықты мәліметтермен танысты.
Бұл аң ертегі-аңыздарда жиі кездесетінін ескерсек, төл мерекесінің пайда болғанына қатты таңғалуға болмас. Ертегілерді оқып отырғанда, көз алдымызға мейірімді, аңқау, епсіз аң елестейтіні жасырын емес. Алайда аю күші көп, өте қауіпті аң. Қарсы алдындағы адамға тап беруі әбден мүмкін. Өкінішке қарай, бүгінде әлемде аюдың тек 7 түрі қалған, олардың барлығы мемлекеттік деңгейде қорғалады.