21 желтоқсан күні The New York World газетінде алғаш рет сөзжұмбақ басылып шықты. Дәл осы күн әлем бойынша сөзжұмбақтың туған күні саналады. "Хабар" клубының кезекті отырысында балалар сөзжұмбақтың пайда болу тарихымен танысып, Скандинавиялық кроссвордтар мен классикалық сөзжұмбақтар шешті.