Библиотека
Заседание клуба "Хабар"
Категория: Библиотека | |
Дата: 16.03.2022 | |
Просмотры: 138 | Печать страницы |

16 наурыз – Шежіре күні. Бұл күні отбасының, ел-жұрттың, жеті атаның тарихы айтылып, шежіресі таратылады. Сонымен қатар, жұртшылық мал сойып, өткен-кеткен ата-бабаларына құран бағыштайды. Ағайын-туған, көрші-қолаң таяуда ғана жақынынан айырылған отбасылардың үйіне барып, «марқұмға тие берсін» айтып дастарханынан дәм татады. Әр отбасының үлкендері өмірден өткен ата-бабаларының, ағайын-бауырдың жақсы істерін, қуанышты сәттерін кейінгі ұрпаққа әңгімелеп береді. Елдің, өлкенің тарихы, ерлігі баяндалады.
Атаулы күнге орай Кама Қалымбекқызы "Хабар" клубының белсенділеріне еліміздің тарихын терең білу мақсатында шежіре жайлы кітаптармен таныстырып, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының «Қазақ шежіресі» шығармасынан үзінділерді бірігіп оқыды.