Библиотека
Заседание клуба "Хабар"
Категория: Библиотека | |
Дата: 04.04.2022 | |
Просмотры: 110 | Печать страницы |

4 сәуір – Халықаралық тышқандар күні, бұл мереке 2002 жылдан бастап аталып өтеді.
"Хабар" клубының кезекті отырысында Кама Қалымбекқызы балаларды тышқан туралы қалыптасқан жалған стереотиптерден аулақ болуға жетелеу және осы бір жануарға деген мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында танымдық сабақ өткізді.
Тышқандардың дене ұзындығы 12,5 см дейін, құйрығы, 10,5 см жетеді, пайда болған жері негізінен – Азия, кейбір түрлері бүкіл дүниежүзіне таралған. Африкада (Сахараны есептемегенде), Евразияда, Малай архипелагының кейбір аралдарында, Филипинде 40 түрі таралған. Бір қатар түрлері - синантропты. ТМД-да, космополотитті синантропты 1 түрі, үй тышқаны, жабайы табиғатта үнемі өмір сүретін 2-3 түрі бар. Дәнді дақылдармен, астықпен, тамырлармен, жидектермен, шөппен және басқа да жәндіктермен қоректенеді, түнде белсенді. Оңтүстік аудандарда және үйлерде жыл бойы көбейе береді.