Пятница, 24 Марта 2023
Объявления: #

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Да
Нет


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 9

 Библиотека

Заседание клуба "Хабар"

Категория: Библиотека
Дата: 18.04.2022
Просмотры: 112 Печать страницы
Заседание клуба

"Хабар" клубының кезекті отырысы велосипед күніне арналды. Велосипедтің шығу тарихы мен ойлап шығарған адамы нақты белгілі емес. Ең ықтимал болжам ретінде неміс бароны Карл Дрездің есімі аталады. К. Дрез өз машинасын 1817жылы ойлап тауып, патентін алған. Бұл көлік адамның жерді аяғымен итеру арқылы қозғалған.

Кейбір деректерге қарағанда, 1863 жылы Парижде 20 жас­тағы франциялық өнертапқыш Пьер Лалман қазіргі велосипедке ұқсайтын ең алғаш көлік құралын жасап шығарған кө­рі­не­ді. Тағы бір жылдан кейін франциялық инженер Пьер Мишо бұл көлікке «вело­сипед» деген атау берген екен. 1866 жылдың қараша айында Пьер Лалман Америкаға барып, өзі жасап шығарған велосипедке патент алды.

Сөйткен велосипед жылдар бойы техникалық жағынан жетіліп, бүгінгі күнге дейін адамзат кәдесіне жарап келеді. Бір қызығы, XX ғасырда велосипедке деген қызығушылық біресе артып, біресе төмендеп отырған. 1905 жылдан бастап АҚШ пен Гер­мания сияқты дамыған елдерде автокөлік индустриясының дамуына байланысты ве­ло­сипед сән болудан қалды. Жол полициясы велосипедшілерді автокөлік қозғалысына кедергі туындататындар деп санайтын. Алай­да 1960 жылдың аяғына таман эколо­гиялық мәселелерге алаңдаумен қатар, салауатты өмір салтын насихаттайтын да­мы­ған елдерде велосипедке деген қызығу­шы­лық қайтадан артты.

Өткен ғасырдың аяғына таман Кеңес Одағында адамның жас шамасына қарай сұрыпталған «Дружок», «Школьник», «Орленок», «Салют», «Кама», «Урал», «Уралец», «Украина», «Аист» сияқ­ты велосипедтер кеңінен тарағанын біз­дер жақсы білеміз.

Велосипедтің әлеуметтік рөлі зор болды. Еуропада бастау алған велосипед өндірісі автокөлік пен ұшақ құрастыру ісі­нің техникалық базасын құруға негіз беріпті. Велосипед қаңқасы мен басқа бөлшектерін жасауға бағытталған метал өңдеу техноло­гиялары кейіннен көліктің өзге түрлерінде қолданыс тапты. «Ровер», «Шкода», «Пежо», «Опель» сияқты өткен ғасырдың басында құрылған автокөлік шығаратын көптеген компаниялар әуел баста велосипед зауыты­нан бастаған екен. Жүргізушінің жынысы­на қарамайтын велосипед гендерлік теңсіз­дікті жоюға да үлес қосты. Оның арқасында әйелдер еркін қимылдауға мұрша бермейтін тар корсетті тастап, велосипедтің арқасында сәнге айналған ықшам, әрі ыңғайлы шалбар кие бастады.

VІІІ (?!) ғасырдың аяғында велоси­педтің арқасында ауыл тұрғындары көрші­лес ауыл мен қалаларға барып, түрлі елді мекендер өзара қыз алысып, қанның жаңа­руынан халықтың генетикалық денсаулығы да жақсарғанын ғалымдар жоққа шығар­майды. Велосипедтің арқасында халық бір қала­да шоғырланбай, қала сыртында өмір сүріп, алыс жерлерде жұмыс істеу мүмкін­дігін алған.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2023. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.