Библиотека
Заседание клуба "Хабар"
Категория: Библиотека | |
Дата: 19.04.2022 | |
Просмотры: 102 | Печать страницы |

19 сәуір - Халықаралық бәйшешек күніне орай "Хабар" клубының белсендісі - Шерубаев Санат көктемнің алғашқы гүлі туралы төмендегі мәліметтермен бөліседі:
Сәуір айындағы мерекелік күндердің ішінде бәйшешек күні ерекше орын алады. Әлемде климаттық аймақтарға байланысты бәйшешектер қаңтардан сәуірге дейін гүлдейді.
Бәйшешектер – суықтан қорықпайтын және қар астынан тура шығатын жалғыз гүлдер. Бәйшешектердің пайда болуы көктемнің басталуын бейнелейді. Бұл өсімдіктер өте қарапайым және әлемнің көптеген бөліктерінде кездеседі.Әр аймақта түрлі наурызгүлдерді бәйшешек деп атайды, Батыс- Алтай қорығындағы бәйшешектер - алтайлық торсылдақ, сібір қандық, алтай желайдар. Алтайлық торсылдақ орманды шалғындарда, ашық жерлерде, орман мен тоғай шетінде өседі, бұталардың арасында тасты беткейлерде аз, ол Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген.Сібір қандығы қылқан жапырақты және аралас ормандарда альпі мен субальпілік шалғындарда, жеңіл шөпті ормандарда өседі. Ол қорықтың бүкіл аумағында кең таралған. Молынан кездеседі. Бұл өсімдік Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген.