Наши гости
Аким города Талдыкорган у нас в гостях
Категория: Наши гости | |
Дата: 29.03.2022 | |
Просмотры: 292 | Печать страницы |

Бүгін балалармен танысып, қал - жағдайлары мен тұрмыс - тіршілігін білу үшін қала әкімі - Масабаев Әсет Дүйсебекұлы шаңырағымызға арнайы ат басын бұрды. Құрметті қонағымыз балаларымыздың білім, өнер, спорт саласында жеткен жетістіктерімен марқайып, жеткіншектерге жүрек жарды жылы лебізін білдіріп, ағалық ақылымен бөлісті. Өнерпаздарымыздың өнерлерін тамашалап, сыйлықтар табыстады.