Четверг, 06 Октября 2022
Объявления: #

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Да
Нет


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 9

 Наши достижения

"Самый лучший воспитатель"

Наши достижения 25.03.2021 234

ІІІ тоқсан қорытындысы бойынша "Ең үздік тәрбиеші" атанған "Жазира" тобының тәрбиешісі - Айнұр Сағынғалиқызын құттықтаймыз! Шығармашыл, ізденімпаз ұстазға еңбекте табыс, қажымас күш - жігер тілейміз!

"3 тоқсан үздіктері"

Наши достижения 25.03.2021 226

Балалар кеңесінің белсенділері қорытынды лездеме өткізіп, ІІІ тоқсанның үздіктерін марапаттады. "Ең үздік тәрбиеленуші" атағына қыздардан Федорович Виктория, ұлдардан Қалибеков Рүстем ие болды. "Ең үздік топ" - "Жазира" және "Үміт" топтары.

Республиканский детский фестиваль "Қазақстан - менің алтын бесігім"

Наши достижения 19.03.2021 266

"Ризашылық - мейірімділік бұлағы" жалпыұлттық жобасы аясында өткен "Қазақстан - менің алтын бесігім" республикалық балалар фестивалінің "Ризамын халқыма!" театр байқауында Бас жүлде иеленген "Пана" театрының өнерпаздарына сыйлыққа экшн видеокамера Қазпошта арқылы жеткізіліп, табысталды. Байқау ұйымдастырушыларына алғысымыз шексіз!

Чемпионат Республики Казахстан по тяжелой атлетике

Наши достижения 12.03.2021 198

11 марта стартовал лично-командный Чемпионат Республики Казахстан по тяжелой атлетике в отдельных упражнениях среди мужчин и женщин в дистанционном (онлайн) формате. На этом Чемпионате приняли участие более 300 спортсменов со всей Республики и наша Гарифуллина Альфия в весовой категории до 45 кг с резульатаом 58+69 в сумме двоеборья 127 кг выполнила норматив Мастера спорта международного класса и заняла 1 призовое место. Мы поздравляем спортивного инструктора детского дома "Айналайын" Сысоеву Руслану Алихановну и Альфию с этой победой! Желаем тебе еще больших побед в спорте, чтобы стала Чемпионкой Мира! Ты наша гордость!

"Медаль Елбасы"

Наши достижения 02.03.2021 198

«Елбасы медалі» - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Бағдарлама 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы. Бағдарлама 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған. Жобаға белсене қатысқан тәрбиеленушіміз Кенбаева Алтынай 27 жеңімпаздың бірі болып Алматы облысы әкімінің орынбасары Байжұманов Батыржан Құлаймергенұлының марапаттауымен қола медаль иеленді. Атаулы іс - шараны ұйымдастырған "Алматы облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жетісу дарыны" облыстық дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау...

Республиканский конкурс "Шексіз шығармашылық"

Наши достижения 02.03.2021 785

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың арасында қашықтан өткізілген "Шексіз шығармашылық" республикалық байқауына қатысып, Зайцева Алена қызымыз тәрбиеші - Айгерім Айдосқызының жетекшілігімен жүлделі 1 орын иеленді!

"Үздік сынып оқушысы"

Наши достижения 22.02.2021 235

"Үздік сынып оқушысы" атанған Кинякин Данил мен Қалибеков Рүстемді құттықтаймыз! Талаптарыңа нұр жаусын!

Республиканская олимпиада "Baytaq El "

Наши достижения 13.01.2021 229

Қаламыздағы Назарбаев зияткерлік мектебінде оқитын Степанова Дарья "Baytaq El" экологиядан республикалық қашықтық олимпиадасының жүлдегері атанды. Шын жүректен құттықтаймыз

Победители республиканского конкурса

Наши достижения 29.12.2020 225

"Фариза, Фаризажан, Фариза қыз" атты Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін оқу және ақын өлеңдеріне жазылған әндерден Республикалық балалар мен жасөспірімдер байқауында "Көркем сөз" номинациясы бойынша Тұрсынақын Толғанай Бас жүлде, Федорович Виктория, Аукенова Сезім, Федорович Ульяна І орын иеленді. Жеңімпаздардың жетекшісі - Букарбаева Жулдыз Аханбаевна "Үздік ұстаз" дипломымен марапатталды.

Областной онлайн-конкурс "Жас блогер"

Наши достижения 21.12.2020 303

"Алматы облысының білім басқармасы" ММ - нің "Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми - тәжірибелік орталығы" КММ - сі ұйымдастырған "Жас блогер" облыстық онлайн - байқауына Ж.А.Андабаева мен Н.Ж.Үңгірбаеваның жетекшілігімен Пономоренко Константин мен Веснина Ольга қатысып, жүлделі ІІ орын иеленді.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.