Выпускники
Успешные выпускники
Категория: Выпускники | |
Дата: 14.04.2022 | |
Просмотры: 228 | Печать страницы |

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Ғылым қызметкерлері күні мен университеттің 50 жылдығына орай «Студенттік ғылым: 2021 жыл қорытындылары» атты дөңгелек үстел өтті. Университеттің жас ғалымдары бас қосқан жиында Қуат Маратұлы 2021-2022 оқу жылы барысында республикалық, халықаралық деңгейде ғылыми жетістіктерге жеткен білімгерлер мен олардың жетекшілеріне «Ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін» Алғыс хат табыс етті. Осы марапатқа біздің түлегіміз Кенбаева Құралай да ие болды. Ізденімпаз, ақылды қызымызды және жетекшісі Тлегенова Гүлнұр Алмұханбетқызын еңбегі сіңген марапаттарымен құттықтаймыз! Шығармашылық жетістіктеріңіз көп болсын!