Памятные даты и дни рождения
"60 лет первого полета человека в Космос!"
Категория: Памятные даты и дни рождения | |
Дата: 09.04.2021 | |
Просмотры: 231 | Печать страницы |

Космонавтиканың 60 жылдығы мен тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтың алты құрлықты артқа тастап, аспанға ұшқанына 30 жыл толуына орай Веснина Ирина кітапханадан Тоқтар Әубәкіров туралы жинаған қызықты мәліметтерін сіздерге ұсынады:
– Тоқтар Әубәкіров қаз дауысты Қазыбек бидің тікелей ұрпағы.
– Халық қаһарманы Тоқтар Оңғарбайұлы тышқаннан қорқады екен.
– Ғарыш кемесінен бөлек велосипедпен жүргенді ұнатады.
– Марста өмір сүруге қарсы емес.
– Өзге ғаламшарлықтардың бар екеніне сенеді.
– Тоқтар Әубәкіров әлемнің екі жүз елу алтыншы, КСРО-ның жетпіс екінші, Қазақстанның бірінші ғарышкері.
– Қазақтың үшінші ғарышкері Айдын Айымбетов пен Тоқтар Әубәкіров бір күнде дүниеге келген. Екеуі де жеке мейрамын 27-шілде күні тойлады.
– Тоқтар Әубәкіров ғарышқа екінші рет ұшуды армандайды.
– "Әемдегі ең қауіпті жануар – адам" деген оймен толықтай келіседі.
Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы 2 қазан күні Байқоңырдан "СОЮЗ ТМ-13" кемесімен ғарышқа ұшты. Ол ғарышта 8 күн болып, Арал аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жүргізді.